Әлеумет

Өткен тәулікте қар құрсауынан 37 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.

Елімізде қар құрсауында қалған 37 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.

10 автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

Мәселен, сағат 14.28-де Нұр-Сұлтан қаласы Алаш тасжолында автокөлік қар құрсауында қалды. Тез арада оқиға орнына Трэкол көлігімен барған құтқарушылар көлік иесін құтқарды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 2 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

-->

Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал. Өзіңізбен бірге қысылтаяң жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды алып жүріңіз. «Дәрмен» мобильді қосымшасы жолдардың жабылуы және дауылды ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112, – делінген хабарламада.