Жастар практикасы жобасының жұмыс уақыты ұзарады
Тапсырмаларды орындау шеңберінде 7 ақпанда «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына және Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
2016 жылғы бұйрыққа енгізілетін өзгерістер аясында жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін бизнесті дамытуға арналған гранттар көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген.
Ағымдағы жылы жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберу, сондай-ақ «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жас адамның қатысуын ұйымдастыру жоспарлануда.
-->

Гранттар беру жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын өз ісін ашу үшін бастапқы құралдармен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы барлығы 20 мың адамды гранттармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қағидаларға енгізілген өзгерістермен жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақы мөлшерін 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сондай-ақ жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімдерін тиісінше 12 және 18 айға дейін ұлғайту көзделеді. Бұл өзгерістер жастардың алған мамандығы бойынша жұмыс орнына сәтті бейімделуіне және бекітілуіне ықпал етеді, - делінген хабарламада.