Дәурен Абаев еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлерін марапаттады
Стипендиялар жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени саласын сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін шығармашыл қызметкерлерді қолдау мақсатында беріледі.
Биыл мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнердің 74 қайраткеріне тағайындалды. Стипендияға ие болғандар қатарында Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Софы Сматаев, Асанәлі Әшімов, Ақұштап Бақтыгереева, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Юрий Померанцев, Досхан Жолжақсынов және т.б. майталмандар бар. Сонымен қатар, Рухия Байдүкенова, Бейбіт Сарыбай, Саида Қалықова, Ержан Максим, Наурыз Ернат, Темірлан Олжабай секілді жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Министр салтанатты рәсімді аша отырып, марапат иелерін құттықтап, Мемлекеттік стипендияларды тапсыру олардың отандық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесін мойындау екенін атап өтті. Және де ол бүгінгі таңда қоғамда, әсіресе, жастар арасында конструктивті рухани құндылықтарды ілгерілету ісінде шығармашылық интеллигенцияның рөлі артып келе жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ министр биыл еліміз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы, Әзілхан Нұршайықов пен Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойларын атап өтетіндігін айтты.
Кездесу соңында Дәурен Абаев рәсімге қатысушыларға мықты денсаулық, шығармашылық табыс және отбасылық бақыт тіледі.
-->Стипендиялар жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени саласын сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін шығармашыл қызметкерлерді қолдау мақсатында беріледі.