Әлеумет

Қасіретті қаңтар: ҰҚК мен Бас прокуратура депутатты жауап алуға шақырып жатыр

Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Құдайбергенов қылмыс әлемінің серкесі саналатын «Дикий Арман» – Арман Жүмагелдиевпен қалай танысқанын, онымен Тәуелсіздік алаңына кездескенін өзінің instagram-парақшасына жазған еді. 

-->

Қазір мен жоспарлы демалыста Дубайдамын. Біз 4 қаңтарда кетеміз деп жоспарладық, мүмкіндік болды, бірақ мен өз халқым мен Отанымды тастап, ұшып кете алмадым. Менің демалысым 6 ақпанда басталды, бірақ 5 ақпан күні түскі уақытта маған ҰҚК-ден, ал 7-сі күні Бас прокуратурадан жауап алуға «шақыру» түсті. Барлығы өте дұрыс және сыпайы түрде. Әдейі кетіп қалғандай, олардың алдында өзімді жайсыз сезіндім. Келген соң міндетті түрде Астанаға барамын, сөйлесемін, сосын не туралы сөйлескенімді айтамын, – деп жазды Алматы қаласы мәслихатының депутаты әрі кәсіпкер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Құдайбергенов қылмыс әлемінің серкесі саналатын «Дикий Арман» – Арман Жүмагелдиевпен қалай танысқанын, онымен Тәуелсіздік алаңына кездескенін өзінің instagram-парақшасына жазған еді. 

6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, провокацияларға берілмеуге шақырдық. Ол адамдарды тек бейбітшілік митингке, үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, "Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық" деді. Оларға мың да бір рахмет! –  деп жазды ол.