Әлеумет

Елімізде құқық қорғау қызметіне қабылдау талабы күшейтіледі

Шындалиев заң жобасы нені көздейтініне тоқталды.

Бас прокурордың орынбасары конкурс арқылы аға басшылық құрамдарға жеткілікті тәжірибесі бар адамдар тағайындалатынын айтты. Оның айтуынша, оларды тағылымдамадан өткізудің қажеті аз. Сол себепті заң жобасы конкурс бойынша тағайындалған кандидаттар үшін тағылымдаманы алып тастауды ұсынады. Ал арнайы тексеруден конкурстан соң өтеді. Бұл түзетулер қызметке қабылдау процесін тездету, қажет мамандарды жұмысқа алуды жылдамдатуға мүмкіндік береді.

-->

Барлық орган үшін кадрлық процесті, қызметкерлерге қойылатын талаптарды бірдей ету керек. Оның ішінде қызметкерлерді көтермелеу, жаза қолдану, атақ-шендер беру, арнайы органдардан ауысу, аттестациялау және жұмысын бағалау мәселелері. Осыларды реттеу мақсатында заң жобасы әзірленді, – дейді Бас прокурордың орынбасары.

Шындалиев заң жобасы нені көздейтініне тоқталды.

Бірінші мәселе – қызметке қабылдау тәртібін оңтайландыру. 2019 жылы депутаттардың қолдауымен заңға түзетулер жасалып, төменгі лауазымдарға кадрлар дайындаудың жаңа тәртібі енгізілді. Қазір төменгі қызметтерге алу үшін жас мамандар міндетті түрде құқық қорғау академияларын бітіруі тиіс. Ал енді орта және жоғары лауазымдарға құқық қорғау және арнайы органдарда, мемлекеттік және әскери қызметте бұрын болғандар, судьялар қабылданады. Олар конкурс арқылы және конкурстан тыс тәртіпте қызметке алынады, – деп атап өтті ол.

Бас прокурордың орынбасары конкурс арқылы аға басшылық құрамдарға жеткілікті тәжірибесі бар адамдар тағайындалатынын айтты. Оның айтуынша, оларды тағылымдамадан өткізудің қажеті аз. Сол себепті заң жобасы конкурс бойынша тағайындалған кандидаттар үшін тағылымдаманы алып тастауды ұсынады. Ал арнайы тексеруден конкурстан соң өтеді. Бұл түзетулер қызметке қабылдау процесін тездету, қажет мамандарды жұмысқа алуды жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Қазір конкурстан тыс облыстық құқық қорғау органдарының бастықтары қабылдаса, енді тек орталық орган басшысы ғана қабылдайды. Қабылдау талаптары да күшейтіледі. Енді қызметке алу үшін 3 жыл стаж керек болады. Ал әскерде қатардағы солдат болғандар жалпы негізде қабылданады. Күштік органдарға жұмыс істеп жүрген қызметкерлер құқық қорғау саласына ауысу арқылы қабылданады, - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары Мәжілісте.