Интернатта өскен әйел мүгедектер мен зейнеткерлерді қамқорлығына алған (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгінде сегіз зейнеткер мен мүгедек Саниям Мұхамедсадықовамен бір шаңырақ астында үлкен әрі тату отбасы ретінде бірге тұрады. Олардың бірі - зейнеткер Ольга Беспалова. Ол ұлымен арадағы келіспеушіліктерден шаршап, өз үйінен кетіп қалған.
Зейнеткер Александр Неворотов сегіз жыл бұрын қант диабетіне байланысты аяғынан айырылған. Төрт жылдан кейін екіншісін кестірген. Кейін әйелі мен ұлының қазасы оған ауыр соққы болып тиген.
С.Мұхамедсадықованың қайырымдылық істері алты жыл бұрын басталған. Ол саябақта күні бойы орындықта отырған атаны байқаған. Сөйтіп, оның жанынан жай ғана өтіп кете алмай, зейнеткерді үйіне алып кеткен. Ол атамен төрт жыл бірге тұрған. Ол кейін үйленген, бірақ әлі күнге дейін Санияммен байланысын үзбеген. Осы жылдар ішінде әйел 15 адамды қамқорлығына алған. Қазір сегіз адам бір шаңырақ астында тұрады.
Әйелдің айтуынша, күйеуі зейнеткерлер мен мүгедектерге қамқорлық жасауға көмектеседі. Ол жұбайымен бірге екі ұл тәрбиелеп отыр. Ұлдарының бойына жанашырлық пен мейірімділік секілді ізгі қасиеттерді дарытып жатыр.
Саниямның есігі барлық мұқтаж жанға ашық. Олар жұбайымен бірге қиын жағдайға тап болғандарға арналған орталық ашқысы келеді. Қазір оның құрылысы жүріп жатыр.
Кез келген адам реквизиттерге ақша жіберіп, құрылысқа көмектесе алады. Олар биліктен көмек сұрағысы келмейді. Жалғыз өтініштері - Іле ауданы Мерей саяжайындағы жолдардың жөнделуі.
-->Бүгінде сегіз зейнеткер мен мүгедек Саниям Мұхамедсадықовамен бір шаңырақ астында үлкен әрі тату отбасы ретінде бірге тұрады. Олардың бірі - зейнеткер Ольга Беспалова. Ол ұлымен арадағы келіспеушіліктерден шаршап, өз үйінен кетіп қалған.
Үйімде оларға үнемі кедергі келтірдім. Ас үйге барсам, «былай тұр, дұрыс істеп жатқан жоқсың» дейді. Бөлмеме барып, жылайтынмын. Мұнда бәрі жақсы. Өте жылы, өте жақсы, олар мені құрметтейді, жақсы көреді. Соня - керемет адам, мен ол жасаған нәрсені істей алмас едім, - дейді Іле ауданының тұрғыны.
Зейнеткер Александр Неворотов сегіз жыл бұрын қант диабетіне байланысты аяғынан айырылған. Төрт жылдан кейін екіншісін кестірген. Кейін әйелі мен ұлының қазасы оған ауыр соққы болып тиген.
Қалыпты өмір сүреміз, ешқашан жанжал шығармаймыз. 7 ақпанда түнгі сағат 12-де осында, Төлебаев көшесіне келдім. Олар менің отбасым екеніне өте қуаныштымын, - деді ол.
С.Мұхамедсадықованың қайырымдылық істері алты жыл бұрын басталған. Ол саябақта күні бойы орындықта отырған атаны байқаған. Сөйтіп, оның жанынан жай ғана өтіп кете алмай, зейнеткерді үйіне алып кеткен. Ол атамен төрт жыл бірге тұрған. Ол кейін үйленген, бірақ әлі күнге дейін Санияммен байланысын үзбеген. Осы жылдар ішінде әйел 15 адамды қамқорлығына алған. Қазір сегіз адам бір шаңырақ астында тұрады.
Біз интернатта тұрдық. Мұғалімдер мен тәрбиешілер мүмкіндігің болса, басқаларға көмектес деп үйретті. Жағдайың жетсе, тамақтандыр, қамқорлығыңа ал. Әрине, 80 шаршы метр үй 180 шаршы метр үйдей болмайды. Бірақ тар үйде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз, - дейді С.Мұхамедсадықова.