Әлеумет

Моноқала тұрғындарына арналған жеңілдетілген ипотека бағдарламасы әзірленіп жатыр

Бұл туралы Үкіметі отырысында Холдинг басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов айтты.

Оның айтуынша, бұл ипотеканың шарттары мынадай: бастапқы жарна - 10%, сыйақы мөлшерлемесі 5%-ға дейін, кредит мерзімі - 20 жылға дейін. 

«Бәйтерек» холдингінің басшысы облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша өткен жылы әкімдіктерге жалпы сомасы 163,7 млрд теңге қорландыру, яғни бекітілген жоспардың 100%-ы берілгенін хабарлады.

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,235 трлн теңгеге 82,2 мың жеңілдікпен қарыз берілді. Отбасы банк жүйесінде 1,5 трлн теңге болатын 2,2 млн шарт бар.

Үлестік тұрғын үй құрылысы бойынша жалпы сомасы 372 млрд теңге және ауданы 2 млн шаршы метр болатын 70 жоба кепілдендірілді.

Сондай-ақ, жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау бойынша жобалар жалпы сомасы 27,8 млрд теңгеге мақұлданды (бұл 275 мың шаршы метр тұрғын үй), ал жоспар бойынша 20 млрд теңге болған. 

-->

Қазіргі уақытта, бағдарламаның негізгі параметрлерін мемлекеттік органдармен келісудеміз. Алдын ала есептеулер бойынша бұл мақсаттарға 2022-2025 жылдары республикалық бюджеттен жыл сайын шамамен 11 млрд теңге бөлу қажет. Өнім 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылмақшы, - деп түсіндірді Айдар Әріпханов. 