Әлеумет

Қай өңірлерде ет қымбат

2022 жылғы қаңтардың аяғында Қазақстанда сүйекті сиыр еті бөлшек саудада келісіне – 2 236 теңгеге, қой еті – 2 418 теңгеге, жылқы еті 2 603 теңгеге қымбаттаған. Тауық етінің келісі – 1075 теңге.

Өңірлер арасында жыл басында ет бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтанда едәуір жоғары белгіленген. Елордада сиыр етінің орташа бағасы – 2 506 теңге, қой еті – 2987 теңге, жылқы еті – 3015 теңге, тауық етінің келісі 1208 теңгеге жетті. Алматыда сиыр еті –  орташа есеппен 2 325 теңге, қой еті – 2 920, жылқы еті 2 939 теңгеден сатылып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, Алматы әкімдігі уәде еткен келісі – 2 050 теңге ет, БАҚ мәліметінше, іс жүзінде табылмай тұр. Себебі ол сөрелерге шыққан кезде бірнеше сағаттың ішінде сатылып кетеді.

Былтыр ет пен құс етінің бағасы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,6 пайызға қымбаттаған. Ет бәрінен бұрын Маңғыстау облысында бірден 14 пайызға қымбаттаған. Алматы мен елордада ет пен құс етінің бағасы тиісінше 8 және 8,2 пайызға қымбаттады, ал ең аз өсім Қызылорда облысында (5,4 пайызға) тіркелді.

-->