Әлеумет

Елімізде әйелдерге арналған вагондары бар пойыз саны көбейді

Жоба пилоттық режимде тағы алты:

1) № 45/46 "Павлодар – Шымкент";

2) № 85/86 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент";

3) № 37/38 "Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Семей";

4) № 47/48 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау";

5) № 379/380 "Алматы-2 – Орал";

6) № 73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жолаушылар пойызында жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында клиентке бағдарлану және сервис деңгейін арттыру үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ №77/78 "Алматы - Маңғыстау" және №351/352 "Алматы-1 – Өскемен" жолаушылар пойыздарында әйелдер вагондарында жол жүру қызметін іске қосты. Жоба іске қосылған сәттен бастап, 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13 243 әйел жолаушы пайдаланған.

-->

Интернет-сайттарда және билет кассаларында әйелдер вагондарына теміржол билеттерін ресімдеген кезде жолаушылар мұқият болып, шартты белгілерге назар аударуы тиіс. Әйелдер вагондарына ертіп жүретін адам болған кезде 7 жасқа дейінгі еркек жынысты балаларды ресімдеуге де жол беріледі. Жол жүру барысында сұрақтар туындаған кезде жолаушылар өз вагонының жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады, – делінген хабарламада.