Әлеумет

Қаңтардағы төтенше жағдай кезінде қызылордалық волонтерлер халық алғысына бөленді

Қазіргі таңда жергілікті фронт-кеңсе аясында 1625 волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде мектеп оқушысынан бастап студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ зейнеткерлерге дейін бар. Әсіресе, 16 мен 30 жас аралығындағы волонтерлердің ынта-ықыласы жоғары.

Белсенді волонтерлердің бірі Гүлнұр Сағындықованың бұл іспен айналысып жүргеніне үш жылдан аса уақыт өтіпті.

Фронт-кеңсесі жетекшісінің айтуынша, былтыр 248 іс-шара өткізіліп, оған 1553 волонтер қатысқан.

Одан бөлек, қызылордалық волонтерлер Даун синдромы мен аутизмге шалдыққан балалардың ауласына ағаш отырғызу, сенбілік жұмыстары, ескерткіштерді жуып-тазалау, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға киім-кешек, азық-түлік және тұрмыстық жиһаз тарату, буккроссинг, «Кинотайм», үйсіз жануарларды тамақтандыру, қар күреу, қан беру, мүгедектігі бар қарттарға арба тарату секілді акцияларға қатысқан.

Жергілікті волонтерларды ынталандыру мақсатында фронт-кеңсе өкілдері әртүрлі спорттық, танымдық, интеллектуалдық сайыстарды жиі ұйымдастырып отырады. Жеңімпаз атанған волонтерлер арнайы алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталады.

-->

Оқиға кезінде зардап шекке Қызылорда облыстық және қалалық сот ғимаратының, өртенген полиция будкаларының орнын жинасуға 70-ке жуық волонтер атсалысты. Одан бөлек төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ғимараттарда тазалық және жөндеу жұмыстарын жасап жатқан 200-ге жуық адамға волонтерлер ыстық тамақ пен жұмыс қолғабын үлестірді. Халық волонтерлерге дән риза. Әлеуметтік желіде де, жүзбе-жүз көрген кезімізде де үлкен кісілер бізге батасын беріп, алғысын жаудырып жатады, - дейді Қызылорда облысындағы волонтерлердің жергілікті фронт-кеңсесі жетекшісі Болатбек Әйтпенбетов.

Қазіргі таңда жергілікті фронт-кеңсе аясында 1625 волонтер жұмыс істейді. Олардың ішінде мектеп оқушысынан бастап студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ зейнеткерлерге дейін бар. Әсіресе, 16 мен 30 жас аралығындағы волонтерлердің ынта-ықыласы жоғары.

Белсенді волонтерлердің бірі Гүлнұр Сағындықованың бұл іспен айналысып жүргеніне үш жылдан аса уақыт өтіпті.

Өзім статистика департаментінде жұмыс істеймін. Бұрын әлеуметтік желілерде, жаңалықтарда осылай халыққа көмектесіп, қол ұшын беріп жүретін азаматтарды, жастарды жиі көретінмін. Көп ойланбай, мен де волонтер болуды шештім. Алғашында фронт-кеңсеге келіп, «Үміт» бағыты бойынша волонтер ретінде тіркелген едім. Ол кезде жоғалған жандарды іздеуге көмектесетінбіз. Кейінірек басқа да істерге атсалысатын болдым. Әсіресе пандемия кезінде белсене жұмыс істедік: қоғамдық орындарда халыққа маска тараттық, үнпарақтар үлестірдік. Адамдардың алғысын алғаныңда, істеп жүрген дүниеңнің бекер еместігін түсінесің, - дейді волонтер.

Фронт-кеңсесі жетекшісінің айтуынша, былтыр 248 іс-шара өткізіліп, оған 1553 волонтер қатысқан.

Ұйымдастырған ең ауқымды шарамыз көшпелі әлеуметтік киім жәрмеңкесі болды. Халықтан киюге жарамды киім-кешекті жинап, шет аймақтардағы саяжайларға, елдімекендерге апарып, тегін таратып отырдық. Бізге 2 мыңнан аса адам киіммен көмектесті, - дейді Болатбек Әйтпенбетов.