Әлеумет

TikTok-қа балалар неге құмар

 Әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр

Президент атап өткен TikTok-тың әлем бойынша 800 миллионнан астам қолданушысы бар. Елімізде балалар үшін де, ересектер үшін де кеңінен танымал. TikTok-тың трендке айналған бейнежазбалары – балалар мен жасөспірімдердің биінен құралады. Қысқа уақыт ішінде «рекке» шығып, «жұлдыз» болғандар да баршылық. Біз айтып отырған TikTok желісіне әлемдегі көптеген ел тыйым салыпты. Біздің қоғамда керісінше, күннен-күнге тіркелушілер саны артып келеді.

«Анам TikTok-та билеуіме қарсы»

TikTok-тың басқа әлеуметтік желілерден айырмашылығы – тіркелмей-ақ бейнежазбаларды қарай беруге болады. Қазір әлеу­меттік желілерден 4-5 жастағы балалардың TikTok желісіндегі билерді қайталап түсірген бейнежазбалары кең таралып кетті. Демек, балаларға мұндай контент өте қызық. 2-сынып оқитын 7 жастағы Хадишаның айтуынша, теледидарға қарағанда TikTok желісі өзгеше. Бірақ TikTok «жұлдыздарындай» билеп түсіруге анасы қарсы екен.

Ал 9 жастағы Ерасыл ­Қожахмет – TikTok-та «жұлдыздардың» қатарында. Оның айтуынша, кез келген желіні дұрыс әрі пайдалы қолдануға болады.

TikTok зардабын төмендетуге бола ма?

Жалпы бала психологиясына басқа әлеуметтік желілерден гөрі TikTok -тың кері әсер беретінін нейропсихолог Айнұр Алдаш та растады.

P.S: Бала тәрбиесі қашан да маңызды екенін айтып жүрміз. Бірақ сол маңыздылығын әлі ұғына қоймаған сияқтымыз. Сапасы жоғары, графикасы мықты тың дүниелер шығарса оған қызықпайтын бала жоқ шығар, сірә?! Қазақ мифін жандандырып, бүлдіршінімізге ұлттық нақыштағы, рух пен ұлттық намыс дарытатын мультфильмді көптеп шығарып, көгілдір экранымызды түзеуі керек. TikTok-тың да дәуірі өтер. Бала санасында жатталатын TikTok «билері» мен «сөздері» келешекте қауіп төндірмесе дейміз. Тек «қолымызды мезгілінен кеш сермемесек болғаны…».

-->

Шындығында балаларды тарихи, ұлттық тұлғалармен таныстырып қана қоймай, заманауи Қазақстанның өркендеуіне атсалысып жүрген бүгінгі күннің батырларын да айтуымыз қажет. Бұл өте маңызды, – деді Президент.

 Әлеуметтік желі тәрбиелеп жатыр

Президент атап өткен TikTok-тың әлем бойынша 800 миллионнан астам қолданушысы бар. Елімізде балалар үшін де, ересектер үшін де кеңінен танымал. TikTok-тың трендке айналған бейнежазбалары – балалар мен жасөспірімдердің биінен құралады. Қысқа уақыт ішінде «рекке» шығып, «жұлдыз» болғандар да баршылық. Біз айтып отырған TikTok желісіне әлемдегі көптеген ел тыйым салыпты. Біздің қоғамда керісінше, күннен-күнге тіркелушілер саны артып келеді.

«Анам TikTok-та билеуіме қарсы»

TikTok-тың басқа әлеуметтік желілерден айырмашылығы – тіркелмей-ақ бейнежазбаларды қарай беруге болады. Қазір әлеу­меттік желілерден 4-5 жастағы балалардың TikTok желісіндегі билерді қайталап түсірген бейнежазбалары кең таралып кетті. Демек, балаларға мұндай контент өте қызық. 2-сынып оқитын 7 жастағы Хадишаның айтуынша, теледидарға қарағанда TikTok желісі өзгеше. Бірақ TikTok «жұлдыздарындай» билеп түсіруге анасы қарсы екен.

Теледидардан «Балапан» арнасын ғана қараймын. «Қазақ елі» мультфильмін, «Ертегілер әлемін» көремін. Өйткені маған ертегілер қатты ұнайды. Ой мен қабілетті арттырады және ойдан мәтін құраған кезде пайдасы бар. Ал TikTok-та басқаша. Онда әртүрлі билерді, сурет салған материалдарды қараймын.

Ал 9 жастағы Ерасыл ­Қожахмет – TikTok-та «жұлдыздардың» қатарында. Оның айтуынша, кез келген желіні дұрыс әрі пайдалы қолдануға болады.

TikTok-қа тіркелгеніме жақында 1 жыл болады. Бірақ мұнда тек билер емес, тіл үйрену, робототехника құрастыру, күнделікті лайфхактар жарияланады. Тек өзіңнің таңдауыңа байланысты. Сабағыма еш кері әсері жоқ. Бірақ TikTok-қа кірмесе, өзімді нашар сезінетінім бар, – деді ол.

TikTok зардабын төмендетуге бола ма?

Жалпы бала психологиясына басқа әлеуметтік желілерден гөрі TikTok -тың кері әсер беретінін нейропсихолог Айнұр Алдаш та растады.

Кез келген баламен жұмыс жасайтын білікті маман 2-2,5 жасына дейін теледидар, гаджет көрсетпеуге кеңес береді. Себебі бала «Анам, кел», «Әкем, бер» деген сияқты екі сөзден құралған сөйлем айта білуі керек. Содан кейін ғана балаға гаджет, теледидар көрсетуге болады. Өйткені сөйлеу қарым-қатынас жасау құралы екенін бала түсінгені жөн. Мысалы, бала Youtube көріп отырған кезде ешқандай коммуникация болмайды. Тек мультфильмдегі ақпараттарды фильтрсіз сіңіріп отырады. Баланың тілі шығып, сөйлеуі үшін кері байланыс керек. Мәселен, бала кері байланысты диалог құру арқылы алады. Анасының эмоциясын, артикуляциясын көрген бала сөйлеп кетеді. Гаджет пайдалану тілдің кеш шығуына себеп болады. Бұдан бөлек, тілдің аралас шығуына әсер етеді. Жалпы бала қай тілді көбірек естиді, сол тілде сөйлей бастайды. Баланың миы 4 жасына дейін қозғалу, ұстап көру, жалпы әлем балаға ерекше болғаны дұрыс. Бір рет телефонға тәуелді болған балаға қоршаған орта қызықсыз. Ол әртүрлі нәрсені сезіп көруі керек. TikTok, Reels, яғни осындай форматтағы қысқа бейнематериалдар балалар емес, ересектер арасында да өте танымал. Байқасаңыздар, мұндай 15-20 секундтық бейнежазбалардың қаралымы өте көп болады. Бір-бірін алмастыратын мұндай бейнематериалдарға барлығы да құмар. Бала мұндайды көру арқылы ақпаратты үстірт қабылдауға бейім бола бастайды. Бір тақырыпты терең түсінуге мүмкіндік бермейді әрі есте сақтау қабілеті төмен болады, - деді ол.