Жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол 20 жылға есептелген және «айналмалы» несиелеуге негізделген. Жалпы қаржыландыру лимиті 82 млрд теңгені құрайды. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері айналым қаражатын есепке алғанда 159 млрд теңгеге 30 525 несие берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған.
Министрлік жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары қарапайым екенін түсіндірді:
- бір көліктің құны 15 миллион теңгеден аспайды;
- несие мерзімі жеті жылдан аспайды;
- түпкілікті қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспауы керек;
- түпкілікті қарыз алушы екінші деңгейдегі банктерге несиені өтеген кезде өтелген қаражат есебінен отандық өндірілген жолаушылар көліктерін сатып алушыларды қайта несиелеуге жол беріледі.
Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet, LADA отандық құрастырылған көліктерді сатып алуға болады.
-->Халықтың отандық автокөліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік жеңілдетілген автокөлікті несиелендіру бағдарламасына қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Нұсқалардың бірі көп балалы отбасыларды, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдаудың кіші бағдарламасын қосымша енгізу ұсынылуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, «Бірінші отбасылық автокөлік» шағын бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылуда, – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.