Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды
Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті. Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Қиын жағдайларда қызметкерлер бірнеше секунд ішінде жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде олардың кейбірі адам өмірімен байланысты болып жатады.
Әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін Алматы облысы бойынша ҚАЖД-нің ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Ержанов III дәрежелі “Айбын” орденімен, Алматы облысы ПД Жедел қимылдау арнайы жасағының қызметкері Дархан Барғанаев II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.
-->Біздің әріптестеріміз, полиция лейтенанты Дархан Барғанаев және әділет прапорщигі Ербол Ержанов өмірінің соңғы сәтіне дейін Отанға, халыққа деген адалдығын абыроймен көрсетті. Олар біз үшін әрқашан Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға беріктіктің үлгісі болады, – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.