Әлеумет

«Қазақстан халқына» қорына ең ірі сома түсті

Осылайша, екі компания президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған аударымдардың ішінде бұл әлеуметтік қорға құйылған ең ірі сома болып саналады. 20 қаңтарға дейін танымал кәсіпкерлер, заңды тұлғалар мен қарапайым халықтан барлығы 19,5 миллиард теңге түскен.

Соның ішінде "Kaspi bank" АҚ құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 млрд теңге, "Халық" қайырымдылық қоры – 2 млрд теңге, "Степногорск тау-кен комбинаты" ЖШС – 350 млн теңге және тағы басқа кәсіпорындар бар. Сондай-ақ, Нұрсултан Назарбаев қорынан 500 миллион теңге аударылды.

"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек.

Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Қазақстан халқына" қоры құрылған болатын.

Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі.

Сондай-ақ қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек беріледі.

-->

2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген Қазақмыс пен KAZ Minerals әлеуметтік мәселелерді шешу жолында Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын, – делінген ресми хабарламада.