Әлеумет

«Шыдамым таусылды»: Павлодарлық әйел ұлының үстінен полицияға шағым түсірді

Павлодарда 20 қаңтар күні «102» нөміріне Желтоқсан көшесіндегі үйдің тұрғынынан шақырту түсті. Әйел көз жасын тоқтата алмай, полиция операторына 33 жастағы ұлына шағымданды.

Оның айтуынша, баласы оған балағат сөздер айтып, заттарды лақтырған. Жанжалдың себебі – жас жігіттің ашулы өмір салтын ұстануы, сондай-ақ жұмыс іздегісі келмеуі болды.

Полиция көрсетілген мекен жайға барды, бірақ қызметкерлер келер кезде ер адам пәтерден кетіп қалған. Тәртіп сақшылары болған жанжалдың мән-жайын анықтап, жас жігітпен хабарласып, үйге қайтуды талап етті.

Оған қатысты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, осындай мінез-құлыққа жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді.

Өз кезегінде ер адам анасынан кешірім сұрап, жаңа өмір бастауға уәде берді.

-->

Бұл бірінші рет емес, бірақ бүгін менің шыдамым таусылды, – деп әйел ұлына шағымдана берді.