Зейнеткер несиені төлемеу үшін алаяқтық туралы жалған ақпарат берген
17 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 64 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған.
Зейнеткер арызында өзіне қатысты алаяқтық жасалып, оның атынан 500 мың теңге несие рәсімдегені туралы жазған. Сондай-ақ жәбірленуші өзінің құжаттары арқылы осы істі жасауы мүмкін деген күдікті туралы да полицияға ақпарат берген. Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жәбірленуші айтқан «күдіктінің» ешқандай несие рәсімдеу қылмысына қатысы жоқ екені белгілі болды.
Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен несиені жәбірленушінің өзі рәсімдегені туралы бірнеше дәлелдемелер алынды. Алынған несиенің үстеме ақысын төлемеу мақсатында арызданушы полиция қызметкерлерін шатастырғысы келгені анықталды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
-->17 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 64 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған.