«Ойнап шыға келді»: Бекболат Тілеухан журналисті ұрмағанын айтты
Журналист экс-депутат өзіне қол көтерді және журналистік қызметіне кедергі келтірді деп айыптаған болатын.
Aikyn.kz мәліметінше, Бекболат Тілеухан журналистің сөздерін жоққа шығарған.
-->Журналист экс-депутат өзіне қол көтерді және журналистік қызметіне кедергі келтірді деп айыптаған болатын.
Aikyn.kz мәліметінше, Бекболат Тілеухан журналистің сөздерін жоққа шығарған.
Ол менен сұхбат алды. Оның мақсаты қандай да бір мәлімет алу емес, менің ашуыма тию болды. Біз лифтке кірдік. Ол мен оны ұрды деп айыптап отыр. Мен оны ұрған жоқпын. Штатив менің бетіме жақын жерде – мұрныма тиіп тұрды, мен оны итердім. Сол жерде ол мен оны ұрғандай ойнап шыға келді, – деді Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылық бойынша сотының қашықтан өткен сот отырысында.