Әлеумет

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалған

Оның айтуынша, террорлық акттерді арнайы дайындалған адамдар жасаған.

Сонымен қатар шабуылшылар түні бойы қаланы бақылап отырған.

Сондай-ақ ол бүгінгі күні жағдай тұрақтанғанын атап өтті. 

-->

Оның айтуынша, террорлық акттерді арнайы дайындалған адамдар жасаған.

Шабуылды кәсіби дайындалған, қару-жарақты қолдану мен төбелестің әдістерін барынша жетік меңгерген адамдар жасаған. Осы орайда олар өлтірілгендер мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетіп отырған. Мәселен, осы күндері  мәйітханаға 7 рет шабуыл жасалып, белгісіз тұлғалар 41 мүрдені ұрлап әкеткен, - деді  Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар шабуылшылар түні бойы қаланы бақылап отырған.

Лаңкестердің тобында снайперлер де болды. Олар полиция департаментіне қарсы тұрған биік ғимараттың шатырына шығып алып оқ атты, - деді ол.

Сондай-ақ ол бүгінгі күні жағдай тұрақтанғанын атап өтті.