Әлеумет

«Сын кезеңінде Президентке қолдау көрсетуіміз қажет» – Төлеген Қуанышев (ВИДЕО)

-->

 Өткен жылдың аяғында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өттік. 30 жылдың ішінде елімізде болған талай қуыныш пен қиын кезеңдерді бастан өткердік. Жылдың басында еліміздің батыс өңірінде, Жаңаөзен қала тұрғындарының шеруінен басталып, аяғы келеңсіз азаматтар жағдайды пайдаланып, әсем қала – Алматымызды, еліміздегі бірнеше облыстағы ғимараттарымызды қиратып кетті. Бұның барлығы мені қатты қынжылтады. Осының салдарынан бейбіт азаматтарымыз және әскери азаматтар қайтыс болғанның куәсі болып жатырмыз. Олардың отбасына көңіл айтам. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтеріп жатқан мәселелердің салмағы орасан зор. Бұл – еліміздегі нағыз сын кезең. Дәл осындай кезеңде ел Президентіне қолдауымызды көрсетуіміз керек. Қазақ елі осындайда ауызбіршілік көрсетіп, біздің бейбіт елімізді, заманымызды сақтап қалуға тырысуымыз қажет деп есептеймін, – деді Төлеген Қуанышев.