Әлеумет

Шымкентте тәртіпсіздік кезінде тонаушылардың үйінен банкомат табылды

Тәртіпсіздік кезінде тонау жасады деген күдіктінің төртеуі де Түркістан облысының тұрғындары.

Ұрылардың қолды қылған заттарының арасынан полицейлер банкоматтан бөлек, тұрмыстық техника, азық-түлік, алкоголь және гигиеналық өнімдерді тапты.

Шымкентте сонымен қатар тағы бір тонаушы – көлік жуу мекемесінің қызметкері ұсталды.

Оның демалыс бөлмесінде ұрланған тауарлардан басқа, ерекше иісі бар зат және ішінде сары түсті сұйықтығы бар кесілген пластик бөтелке, сондай-ақ кастет табылған

-->