Түркістандық диқандар қырыққабат егуді бастап кетті
Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшетін отырғызып үлгерген.
Жерді жалға алып, егін егіп отырған шаруаның бірі Сапар Үсенов қырыққабаттың жаңа түрлерінен мол өнім алуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша 78500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат егілетін болады деген болжам бар.
-->Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшетін отырғызып үлгерген.
Жерді жалға алып, егін егіп отырған шаруаның бірі Сапар Үсенов қырыққабаттың жаңа түрлерінен мол өнім алуды жоспарлап отыр.
Күн-түн демей қараша айынан бастап жылыжайға ерте пісетін «Пандион» жане «Зарисма» көшеттерін өндіруді бастағанбыз. Дайын болған көшеттерді 5 гектар аумаққа отырғыздық. Былтыр осы жерден 300 тонна өнім алып үлгердік, алынған өнімді көршілес елдерге жібереміз. Былтырғы жылы өнім өзін-өзі ақтады, – дейді ол.