«Қазақстан халқына» қоры немен айналысады
Тоқаев жаңа қор қаражатынан қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.
Оның айтуынша, қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарланып отыр.
-->Бүгін «Қазақстан халқына» атты қоғамдық әлеуметтік қор құруды тапсырамын. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады. Мысалы, сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларға көмек көрсетеді. Шынында да, балалардың көпшілігі үшін емделу құны қолжетімсіз. Қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балалар үшін спорт нысандарын саламыз. Қабілетті балаларға көмек көрсетеміз. Біз мәдениетті қолдаймыз, Алматыға қайғылы қасіреттен айығуға көмектесеміз, - деді Президент Мәжіліс отырысында.
Тоқаев жаңа қор қаражатынан қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.
Бұлар – тек жеке мысалдар. Қор Президент, Үкімет немесе қандай да бір мемлекеттік органның қоры емес екенін айтқым келеді. Бұл – барлық қазақстандықтың қоры. Бұл – халық қоры. Ол әкімшілік немесе Үкімет жанынан жұмыс істемейді. Беделді байқау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалды. Оның қызметінің ашықтығын, қоғамға есеп беруін және бақылауды қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет, жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады, – деді Президент.
Оның айтуынша, қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарланып отыр.
Бұл қорға лотерея қызметі операторынан, мөлшерлемелерді есепке алу орталығынан және басқа монополистерден міндетті жарналар түседі. Әрине, ірі бизнес тарапынан қомақты және тұрақты жарналар күтеміз, - деп қорытындылады Тоқаев.