Әлеумет

iKOMEK күшейтілген режимде жұмыс істейді

Интернеттің ажыратылуына байланысты iKOMEK109 үздіксіз жұмыс жасап, бірден бір коммуникация құралына айналды. Орталықта ТЖ режиміне қатысты барлық сұрақтар жедел түрде атқарылады. iKOMEK109 орталығына ағымдағы жылдың 05 қаңтарынан бастап, бүгінгі таңға дейін 58 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең көп қоңырау саны 5 және 6 қаңтар күндері: 20 мыңнан астам қоңырау қабылданды.

iKOMEK109 байланыс орталығы өткен тәуліктерде консультациялық сипаттағы 8 мыңнан астам қоңырауды қабылдады. Сұрақтардың көпшілігі төтенше жағдайға қатысты – 2 919, көбінесе блокпосттар арқылы кіріп-шығу, қоғамдық көлік жұмысы, коменданттық сағат, кімнің жүріп-тұруына болады деген сипатта сұрақтар қойылды. Екінші орында денсаулық сақтау саласындағы сұрақтар – 1 918, коронавирусқа, жаңа омикрон-штаммына қатысты сұрақтар. Үшінші орында қоғамдық көлік мәселелері – 895, азаматтарды қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру, жолақысын төлеу және т.б. сұрақтар алаңдатты. Қала тұрғындары сонымен қатар қала тіршілігін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау мәселелерімен жүгінуде.

Сонымен қатар «iKOMEK» жағдаятттық орталығы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция және Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесе отырып, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Жедел штаб аясында бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық тәртіпке мониторинг жүргізіледі. «iKOMEK»   жағдаяттық орталығының бейнебақылау операторлары тарапынан қоғамдық тәртіп пен коменданттық сағатты бұзушылар анықталып, жедел түрде Полиция департаментінің қызметкерлеріне берілуде.

-->

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен төтенше жағдай режимі кезеңінде орталыққа келіп түсетін өтініштер легі артты, оған жедел түрде төтеп беріп жатырмыз, - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.