Әлеумет

Елордада жағдай тұрақты – Алтай Көлгінов

Құрметті қала тұрғындары! Қаламызда жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау органдарының бәрі жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Елорданың периметрі бойынша блокпосттар орнатылды, сол сияқты полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралайды. Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады. Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын! - деп жазды қала әкімі.

-->