Әлеумет

Күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты – ІІМ

Қазақстанның астанасы Шымкент, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жағдай тұрақты. Ең қиын жағдай Алматыда қалып отыр, онда қарулы адамдар мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, телекомпаниялардың, сауда объектілерінің бірқатар үй-жайларын басып алып, ішінара талқандады.

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында бірнеше автожол және 1 теміржол учаскесі жабылды.

Өңірлерде полиция мен Ұлттық ұланның жасақтары патрульдері күшейтілді, блок-бекеттер қойылды, құқық тәртібін бұзушыларды ұстау, қылмыскерлерді анықтау және ұстау жүргізілуде, ал заңды талаптарға қарулы қарсылық болған жағдайда – оларды жою қарастырылған. 

-->

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары 2298 адамды ұстады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кезінде күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты, ішкі істер органдарының 748 қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері зардап шекті. ІІМ жағдайды тұрақтандыру және құқық тәртібін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және барлық құқық бұзушылық фактілері туралы Ішкі істер органдарына хабарлауға шақырамыз  - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.