Kcell мен Beeline желідегі ақаулардың себебін түсіндірді
Beeline мәліметінше, ұялы байланыстағы ақаулардың пайда болуына ұйымның қатысы жоқ.
Kcell-де желідегі ақаулар елдегі жағдайға байланысты деп түсіндірді.
-->Beeline мәліметінше, ұялы байланыстағы ақаулардың пайда болуына ұйымның қатысы жоқ.
Қазір біз компанияға тәуелді емес себептерге байланысты мобильді интернет қызметін көрсетуде шектеулерге тап болдық, – деп жазды Beeline өкілі.
Kcell-де желідегі ақаулар елдегі жағдайға байланысты деп түсіндірді.
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңы 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының құзыретті органдары мүдделері үшін терроризмге қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында желілердің жұмысын тоқтату және байланыс қызметтерін көрсету бойынша шаралар қабылдануда, – деп жазды компания өкілдері.