Әлеумет

«Тек мен емес, қарапайым шенеуніктердің көбі таксилетеді» – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Бостонда 2 жыл тұрғанын, онда да сол, мұғалімдер қол бос кезде Uber арқылы таксилететінін, қосымша қаржы тауып, салық төлейтінін айтты.

-->

2007 жылдың қаңтары. Жұмысым Астанаға ауысты. Мемқызметке алғаш келуім. Ұзын арқан, кең тұсау журналистикаға үйренген адамның қатаң тәртіп мемқызметке бейімделуі оңай емес екен. Стрестен асқазан ауыра бастады.

Шектеу көп. Айлық аз. Астымда несиеге алған ескі көлігім бар. Оң жағалауда бөлме жалдап тұрам. Жұмыс Сол жағалауда.

Жұмысқа шықсам қол көтерген адам. Күн суық. Жолай алып кетем. 500 тг. Ол кезде Алматыда такси арзан еді. 200-300 тг. Онда да, бір бағыт болса, адамдарды мінгестіріп ала бересің.

Ал мұнда саудаласып тұрмайды. Жұмысқа барарда бір адам, қайтарда бір адам ала кетем. Түскі ас пен жағармай ақталып жатыр.

Сөйтсем, тек мен емес, қарапайым шенеуніктердің көбі таксилетеді екен. Әлі де солай деп ойлаймын, – деп жазды шенеунік.

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Бостонда 2 жыл тұрғанын, онда да сол, мұғалімдер қол бос кезде Uber арқылы таксилететінін, қосымша қаржы тауып, салық төлейтінін айтты.

Қазір мемқызметкерлерге қосымша жұмыс істеуге рұқсат беру қарастырылып жатыр екен. Қос қолдап қолдаймын.

Мемқызметкерлердің барлығының ішкені алдында, ішпегені артында шалқып өмір сүреді деп ойлайтындар қателеседі.

Табыс жағынан қарар болсақ, қазір мемқызметкер болып шектеумен өмір сүргеннен, бір ИП ашып алып, шағын кәсіппен айналысқан тиімдірек. Сондықтан да болар, мемқызметке кезекке тұрған адам аз.

Осыны ескеріп, мемқызметтің тартымдылығын арттыратындай жағдайлар ескеріліп, халықаралық тәжірибе қарастырылғаны жөн, – деді Шыңғыс Мұқан.