Елордада келіншек бауырының көп бөлігін ағасына бөліп берген
KAZ.NUR.KZ порталының жазуынша, ол туған ағасы бауыр циррозына шалдығып, оның емі тек трансплантация екенін естігенде, еш ойланбастан өз бауырын бөліп беру туралы шешім қабылдаған.
Ота таңғы сағат 8-ден түскі 14.30-ға дейін жалғасқан. Бауыр ауыстыру операциясына дейін Робия толық медициналық тексерістен өткен.
Бүгінде донор өзін жақсы сезінетінін жеткізді.
-->KAZ.NUR.KZ порталының жазуынша, ол туған ағасы бауыр циррозына шалдығып, оның емі тек трансплантация екенін естігенде, еш ойланбастан өз бауырын бөліп беру туралы шешім қабылдаған.
Ота таңғы сағат 8-ден түскі 14.30-ға дейін жалғасқан. Бауыр ауыстыру операциясына дейін Робия толық медициналық тексерістен өткен.
Орган ауыстыру ағамды аман алып қалудың жалғыз жолы болды. Мен ойланбастан оған өз бауырымды ұсындым. Ал нақты шешім қабылдаған кезімде өз өмірім үшін қорықтым, денсаулығыма қатты алаңдадым. Өйткені отбасым, бір жастағы қызым бар. Қызым анасыз қала ма деген қорқыныш басым болды, мүгедектіктен де қорықтым. Бірақ дәрігерлер маған операциядан кейін ештеңе болмайтынына 100 пайыз кепілдік берді, ал қайта қалпыма келуге үш ай кетеді дегенді естіп, қорқынышым басылды. Олар мені толық медициналық тексерістен өткізді, анализдер, УДЗ жасады. Содан кейін мен операцияға сенімді болып бардым. Мен өз ағамды тағдырдың тезіне тастағым келмеді. Екеуміздің қанымыз бір, ол - менің туғаным. Ол өте жас, бес баласы бар. Қуанышқа орай, операция жақсы жасалды. Мен дәрігерлерге ризамын, олар менің ағамның өмірін сақтап қалды, бізбен 24 сағат бірге болды, - дейді Робия.
Бүгінде донор өзін жақсы сезінетінін жеткізді.