Көңілдесімен отырған әйелінің үстінен түскен ер адам таяқ жеп қалды
Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 19 желтоқсанда Баянауыл ауданында ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал шыққан. Сол күні ер адамның туған күні болған екен. Ол әйелін қуанту үшін іссапардан ерте оралып, үйіне кіріп келгенде оның жас жігітпен көңіл көтеріп отырғанын көрген.
-->

Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, әйелі күйеуінің бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Содан кейін ер адамның ауруханаға баруына тура келді. Медициналық сараптама жеңіл дәрежедегі дене жарақатын анықтады. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ауыл тұрғынына қатысты 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Баянауыл аудандық сотына жолданады, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.