Әлеумет

"Әкімдіктен рұқсаты бар" адамдар қиыршық тас ұрлаған

Талғар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, күдіктілер Цыганка өзенінің арнасына 6 КАМАЗ, 2 экскаватормен келген. Жергілікті тұрғындардың сауалына "әкімдіктен рұқсатымыз бар" деп жауап берген.

Алайда олардың әрекеті күдікті болғандықтан, жергілікті тұрғындар бірден полицияға хабар берді.

Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 334-бабы 1-бөлігі ("жер қойнауын өз бетінше пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айырылады немесе 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Айта кетері, қиыршық тасты ұрлау әрекетінің соңы суармалы судың ағымына кедергі жасайды. Салдарынан шаруаларға су дер кезінде жетпей қалады.

-->

"Тапа-тал түсте ұрлыққа шыққандарды полиция қиыршық тасты жүк көлігіне тиеп жатқан жерінен ұстады. Олар бөлімшеге жеткізілді", - деп хабарлады аудан әкімдігі.