Әлеумет

АҚШ-та тұңғыш рет АИТВ-ның алдын алатын инъекциялық препарат мақұлданды

Мамандар вирус жұқтырудың алдын алатын бұл препаратты кәмелетке толғандар мен салмағы 35 келіден асатын жасөспірімдерге алуға кеңес беріп отыр. Apretude препаратының бірінші және екінші инъекциясы арасында екі апта өтуі тиіс. Сосын толық профилактикалық курс үшін екі айда бір рет егу керек.

Вирусқа қарсы препараттар бөлімінің басшысы Дебра Бирнкранттың сөзінше, Apretude препараты күнде таблетка қабылдамай-ақ АИТВ вирусының алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол бұл препаратты АИТВ эпидемиясын тоқтата алатын маңызды құрал деп атады.

Айта кетейік, Apretude препаратының шаршау, бөртпе, дене ыстығының көтерілуі, бас ауру, бұлшықеттердің ауыруы сияқты бірқатар жанама әсері бар.

-->