Нұр-Сұлтанда сотталған қанша адам рақымшылыққа ілігеді
Естеріңізге салсақ, 2021 жылғы 2 желтоқсанда Сенат “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау” туралы заңды қабылдаған болатын. Заңға Президент 7 желтоқсанда қол қойды.
Аталмыш заңды жүзеге асыру мақсатында елорданың қылмыстық-атқару департаменті қызметкерлері жазасын өтеп жатқандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Онымен қоса материалдарды сотқа дұрыс дайындау үшін 6 желтоқсан күні рақымшылық туралы заңды жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша онлайн-кездесу өтті. Онда Байқоңыр, Алматы, Сарыарқа және Есіл ауданы сотының, қалалық прокуратураның, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілдері қатысты.
Алдын ала есептеулер бойынша, қазіргі таңда елордалық департамент мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 210 адам мен пробация есебінде тұрған 700 адам рақымшылыққа ілігеді.
-->Естеріңізге салсақ, 2021 жылғы 2 желтоқсанда Сенат “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау” туралы заңды қабылдаған болатын. Заңға Президент 7 желтоқсанда қол қойды.