Еліміздегі қай саланың өкілдері төмен жалақы алады
Аталмыш саладағы орташа айлық атаулы жалақы биылғы үшінші тоқсанда небәрі 162,6 мың теңгені құрады, бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен төмен.
Екінші тоқсанмен салыстырғанда өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы қызметкерлер жалақысының сатып алу қабілеті 1,7%-ға артты. Ал жалпы Қазақстан бойынша көрсеткіш 5,1%-ға төмендеді.
Биылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша өнер, ойын-сауық және демалыс саласында еңбек ететін қызметкерлердің саны 69,9 мың адамды құрады, бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға аз.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызметтердің көлемі 33,2 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 9,7%-ға артық, бірақ "коронавирусқа дейінгі" көрсеткіштен 16,4%-ға аз.
-->Аталмыш саладағы орташа айлық атаулы жалақы биылғы үшінші тоқсанда небәрі 162,6 мың теңгені құрады, бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіштен төмен.