Әлеумет

Елбасының портретін оқушылар ерекше әдіспен жасады

Панноның биіктігі 2,8 м және ұзындығы 3,3 м. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кубик жинаушылар туындыны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.

Команда құрамына 11-сынып оқушылары Әлихан Ертұрсынов, Әмір Мырзакәрімов, сондай-ақ «Елбасы медалі» жобасының қола деңгей қатысушысы Павел Расчетов және колледж студенттері Дилмар Рахатов пен Жанат Қазез кірді. Бұл – олардың биыл жасаған төртінші жұмысы.

Бұған дейін олар көрермен қауымға Жеңіс күніне орайластырылған Әлия Молдағұлова, ақын-ағартушы Абай Құнанбайұлы және Әлихан Бөкейханұлының туған күніне арналған панно ұсынған. 

-->