Әлеумет

Астанада алтын құрсақты аналарға төсбелгілер табысталды

Жиын барысында 3 ана «Алтын алқамен», 14 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Көпбалалы аналардың ішіндегі ең жасы үлкені Мейраш әжей екен.

Айта кетейік, жыл сайын елімізде жеті және одан көп баланы дүниеге әкелген аналарға «Алтын алқа» наградасы, ал алты бала дүниеге әкелген аналарымызға «Күміс алқа» беріледі.

-->

«Мемлекет басшысы атынан сіздерге сіздерге Алтын алқа мен Күміс алқаларды табыстау – мен үшін үлкен қуаныш. Бала деген – ең үлкен жетістік. Көп бала өсіріп, оларға мықты тәрбие беру – нағыз ерлік. Сіздерге сол үшін зор алғыс айтамыз. Лайым бала-шағаларыңыз аман болып, елдің игілігіне қызмет етуге жарасын!» – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.

Жиын барысында 3 ана «Алтын алқамен», 14 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Көпбалалы аналардың ішіндегі ең жасы үлкені Мейраш әжей екен.

«Жасым 83-те. Он ұлым, екі қызым бар, Аллаға шүкір. Үлкені 64-те, кішісі 42-де. Әрқайсысы бір-бір кәсіптің басын ұстап отыр. Бірі дәрігер, бірі журналист, бірі суретші, бірі кәсіпкер дегендей. Олардан  30-дан аса немере, 40-тан аса шөбере сүйіп отырмын. 1979 жылы кіші баламды өмірге әкелген соң, Брежневтің қолынан «Батыр Ана» орденін алдым. Шалым екеуміз ешқашан мемлекетке қол жаймағанбыз, заманның қиын кезінде де екеуміз бірге жұмыс істеп, бала-шағамызды өзіміз бақтық. Қазір де бос отырмаймын. Шымкентте тұратын ұлымның салат шығаратын цехы бар, соның жұмысын жүргізіп, бір жағынан келіндеріме де үйретіп отырмын», – дейді «Алтын алқа» иегері Мейраш Балабекова.

Айта кетейік, жыл сайын елімізде жеті және одан көп баланы дүниеге әкелген аналарға «Алтын алқа» наградасы, ал алты бала дүниеге әкелген аналарымызға «Күміс алқа» беріледі.