Елімізде қашықтан жұмыс істейтіндер саны 2 есе азайды
Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында қашықтан жұмыс істейтіндер саны айтарлықтай төмендеді. Өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 75 мыңнан 41 мың адамға дейін азайды.
Қашықтан істейтін жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс сипатына оралуымен байланысты, бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр. Сондай-ақ, ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылардың 93%-ы өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілер 7%-ын ғана қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.
Өңірлер бөлінісінде жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында (4,6%-дан) сақталуда. Жұмыссыздық республикалық деңгейден жоғары Түркістан облысында (5,1%), сондай-ақ Алматы (5,1%) және Шымкент (5%) қалаларында тіркелген.
Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны қараша айының басында 193,5 мың адамды құрады, яғни жыл басынан бері бұл көрсеткіш 51,7 мың адамға өсті, жалпы республика бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,1%-ға тең. Ең жоғарысы – Түркістан (4,2%), Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына (3,9%-дан) тиесілі.
-->Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында қашықтан жұмыс істейтіндер саны айтарлықтай төмендеді. Өткен тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 75 мыңнан 41 мың адамға дейін азайды.
«Шектеу шараларын жеңілдете отырып, қызмет көрсету, соның ішінде ақпарат және байланыс, сауда және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыспен қамту көлемі артты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту құрылымы өзін жұмыспен қамтуды ұлғайту жағына қарай өзгеруде, бұл көбінесе өнімсіз болып келеді», - деп хабарлады «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ы басқарушы директоры Александра Молчановская.
Қашықтан істейтін жұмысшылардың күрт төмендеуі жұмысшылардың дәстүрлі жұмыс сипатына оралуымен байланысты, бұл ретте қашықтан істейтін жұмысшылардың басым көпшілігі әйелдер, ер адамдар тек 36,5% болып отыр. Сондай-ақ, ауылда қашықтан жұмыспен қамтудың қысқаруы (36%-дан 18%-ға дейін) және қалалық жерлерде қашықтан жұмыс істейтіндердің баламалы өсуі байқалады. Сонымен қатар, жұмысшылардың 93%-ы өздерінің байланыс құралдарын пайдаланса, жұмыс берушілер 7%-ын ғана қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті.
«Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздар саны айтарлықтай азайды. Егер өткен тоқсанмен салыстырғанда азаю бар болғаны 606 адамды құраса, өткен жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 4 мыңға жуық адамға қысқарды. Бірақ жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды және соңғы төрт тоқсан ішінде осындай болып қалуда. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де айтарлықтай өзгеріссіз қалды – 3,7%», - деді сарапшы.