Әлеумет

Елімізде сапасыз білім берген 15 университет жабылды

Премьер-министр жоғары білім беру саласын дамыту бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңнамалық деңгейде университеттерге академиялық және басқарушылық дербестік берілді. Сонымен қатар мамандарды даярлау сапасын одан әрі арттырып, ЖОО-лардың студентті даярлау сапасы үшін жауапкершілік тетіктерін енгізу қажет.

Сапасыз білім берген 15 университет жабылды. Студенттердің білімін тексеру арқылы оқыту нәтижесіне қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды.

Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ға мамандарды даярлау сапасы байланысты болатын жаңа кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Премьер-министр түлектерді сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін дамыту, ұлттық кәсіптер сыныптауышын жаңарту, қашықтан оқыту, оның ішінде жоғары білім беруде қашықтан оқыту форматтарын заңнамалық регламенттеу қажеттігін атап өтті.

Білім және ғылым министрлігіне Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар мен индикаторларды қарастыру, қаржы, ұлттық экономика министрліктерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 22 қарашаға дейін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын пысықтау және Үкіметке енгізу тапсырылды.

А. Мамин 20 мықты өңірлік жоғары оқу орындарын құру бойынша қаржыландыру мәселелерін пысықтауды және Петропавл мен Шымкентте «Назарбаев университеті» үлгісінде екі жоғары оқу орнын ашуды, екі дипломды бағдарламаларды және оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильділігін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Үкімет басшысы университеттердегі ғылыми зерттеулер көлемін ұлғайту және жастарды ғылымға белсенді тарту жөніндегі нақты шаралармен ғылым мен жоғары білімнің бірыңғай цифрлық платформасын құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

-->

«Түлектердің білім деңгейі нарық пен жұмыс берушілердің талаптарына сай болуы тиіс. Төртінші өнеркәсіптік революция мен жаппай цифрландыру мүлде жаңа тәсілдер мен дағдыларды талап етеді. Өмір бойы оқу қағидатын енгізген жөн», — деді А. Мамин.