«Газель» жүргізушілері Жаңа жылға жақсы сыйлық алады - Нығматулин
Енгізілген өзгерістерге орай, шағын көлемді фургондарға салық қозғалтқышының көлеміне емес, жүк көтергіштігіне байланысты салынады.
Ал төлеп қойған салықты қайта есептеу үдерісі көлік иелерінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын болады. Мәжіліс сипкері бұл жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де тапсырды.
Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қозғалтқыш көлемі 3,5 мың текше сантиметр фургон үшін салық 136 мыңнан 20 мыңға дейін төмендейтін болды.
-->Енгізілген өзгерістерге орай, шағын көлемді фургондарға салық қозғалтқышының көлеміне емес, жүк көтергіштігіне байланысты салынады.
«Осы норманың арқасында «Газель» жүргізушілері Жаңа жылға жақсы сыйлық алатын болды. Ең бастысы, енді мемлекеттік органдар іс жүзінде ешбір бюрократиясыз, заңға сай қажетті есептеулерді жүзеге асыруға тиіс», - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.
Ал төлеп қойған салықты қайта есептеу үдерісі көлік иелерінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын болады. Мәжіліс сипкері бұл жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де тапсырды.
«Азаматтар ешқайда барудың қажеті жоқ екенінен хабардар болуы керек. Барлығы автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер түсіндіру жұмыстарын жүргізбесе, елдің бәрі Халыққа қызмет көрсету орталығына ағылатын болады, call-орталықтарға қоңырау шалып, мазалары кетеді», – деді ол.
Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қозғалтқыш көлемі 3,5 мың текше сантиметр фургон үшін салық 136 мыңнан 20 мыңға дейін төмендейтін болды.