Әлеумет

Елімізде ерлер арасындағы белсіздік белең алып тұр

Урологтардың мәліметінше, Қазақстанда белсіздік дегеніміз бұрын-соңды мұндай көп болмапты. Қазір ер-азаматтар мамандарға көрінуге намыстанып, ем қабылдамайтын көрінеді. Ал оның соңы мүлдем ұрпақсыз қалуына әкеп соғады. Ал әлеуметтанушы соның салдарынан талай шаңырақтың шайқалып жатқанын алға тартып отыр.

Уролог-андролог Ернұр Айнаевтың айтуынша, бұрын белсіздіктің ең ауыр түрі – азоспермия диагнозымен айына тек 1 пациент келсе, қазір олар айына кем дегенде 25-26 пациентті қабылдайды екен.

Көп жағдайда адамдар баланың болмауына әйелді кінәлайтын көрінеді. Бірақ маман мұнымен келіспейді. Айтуынша, оның орта жастағы пациенті жылдар бойы балалы бола алмаған. Сол себепті, 3 рет ажырасып, 3 рет қайта үйленген. Ақырында кінә өзінен екені анықталыпты.

Ал әлеуметтанушы Салтанат Оразбекованың пайымынша, ер кісілердің бұл жағдайға қол сілтей салуы қоғамдағы қысымның, тым намысшыл болудың салдарынан көрінеді. Соның кесірінен ажырасудың саны артқан. Статистикаға сүйенсек, биыл 48 мыңнан астам отбасы ажырасып кетіпті. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда, 19 пайыз көп көрсеткіш.

Мамандар ерлер арасында белсіздіктің белең алуы жастардың сыраға құмарлығынан және жыныстық қатынаста жұқтырған түрлі инфекция салдарынан болып отыр деседі. Сондықтан олар мектепте жыныстық сауаттылықты үйрететін арнайы пәннің болғаны жөн деп санайды.

-->

«Бізде жігіттер бірінші келмейді ешқашан. Алдымен әйелі тексеріледі, 2-3 рет. Кейде әйелі бірінші рет барып, бәрі жақсы деп айтқаннан кейін күйеуі тексеріліп жатқандар бар. Оларды уақытылы емдеп, қайтадан еркекті өзінің бала көтерту қабілетіне жеткізсе болады», - дейді ол.

Көп жағдайда адамдар баланың болмауына әйелді кінәлайтын көрінеді. Бірақ маман мұнымен келіспейді. Айтуынша, оның орта жастағы пациенті жылдар бойы балалы бола алмаған. Сол себепті, 3 рет ажырасып, 3 рет қайта үйленген. Ақырында кінә өзінен екені анықталыпты.

«Кейін «Мүмкін проблема өзімде шығар? Үш әйел алдым, үшеуі де көтерген жоқ» деп ойланған. Содан кейін тексерілуге келіп отыр. Сонда жетесіне бірдеңе жетуі үшін ол 2 әйелді жіберіп отыр. Қандай өкінішті нәрсе?! Мен үнемі айтамын, әйелге қарағанда еркекті тексеру өте оңай, өте арзан», - дейді Ернұр Айнаев.