Әлеумет

17 миллионнан астам адам халық санағынан өтті

Екінші орында Түркістан облысы, онда халық санағына 98,6% немесе 2 032 333 адам қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы, мұндағы санақтан өткендер саны халықтың 98,6%-ін немесе 1 129 863 адамды қамтиды.

Бір айта кетерлігі, санаққа онлайн қатысуда Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары белсенділік танытты мұнда санақтың 57,7% жаңа форматта өтті. Екінші орында 52,9% көрсеткішпен Қызылорда облысы тұр. Көшбасшылар үштігін Жамбыл облысы түйіндейді, онда тұрғындардың 47,2%-і халық санағына онлайн қатысты.

Дәстүрлі форматтағы санаққа қатысудың ең жоғары көрсеткіші Алматыда тіркелген – тұрғындардың 76,1%-і пәтерлерді аралау кезінде санақтан өткен. Екінші орында – 69,6% көрсеткішпен Шымкент, ал үшінші орында – Алматы облысы, онда тұрғындардың 60%-і халық санағына қатысудың дәстүрлі форматын таңдаған.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. Қарашаның 8-іне дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған.

-->

«Санақтан өткендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда санаққа қатысқандар қатары бұған дейін тіркелген халық санына шаққанда 107,5% құраған. Яғни, қолда бар мәлімет бойынша Алматы тұрғындарының саны 2 005 496 деп көрсетілген. Ал санақ сауалдарына 2 154 907 адам жауап берген. Демек, халық санағы қазірдің өзінде мегаполис халқының нақты санын көрсетуге көмектесетінін сеніммен айта аламыз», - деді Бюро басшысы.