Қай өңірдегі ЖОО-ларда жемқорлық жиі кездеседі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен республикалық кеңесте Transparency International деректеріне сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарындағы жемқорлықтың жай-күйі туралы айтып берді.
Агенттік төрағасының айтуынша, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық келісімдерінің ең көбі Атырауда – 24%, Нұр-Сұлтан – 20%, Шымкент – 12,5%, Алматы қаласында – 12%, Алматы облысында – 12%, Маңғыстау – 10% және Түркістан – 9% облыстарында жасалған.
Көбінесе бейресми төлемдердің 64% – сессияны жабуға, 14% – университетке түсуге берілген. Әрбір үшінші жағдайда ЖОО қызметкерлері, қалған жағдайларда делдалдар мен үшінші тұлғалар бастама жасаған, 95% жағдайда сыйақы түрінде 5 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақша берілген. Басқа жағдайларда – гүлдер немесе тәттілер. Сауалнамаға қатысқандардың 28%-і басқа амал жоқ деп жауап берсе, ал әрбір бесінші адам бұл мәселені шешу ыңғайлы әрі оңай екенін айтқан.
Аталған мәселені шешу үшін агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың әзірленіп жатқан Тұжырымдамасы аясында ЖОО педагогтері де кіретін мемлекеттік емес ұйым қызметкерінің заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 247-бабы бойынша санкцияларды күшейтуді ұсынып отыр. Бұл шара осы құрамды қылмыстық теріс қылықтардан орташа ауырлықтағы қылмыс санатына ауыстыруға мүмкіндік береді.
-->Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен республикалық кеңесте Transparency International деректеріне сәйкес еліміздің жоғары оқу орындарындағы жемқорлықтың жай-күйі туралы айтып берді.