Әлеумет

Қазақстанда жабық типтегі балалар мекемелерінің жартысы дұрыс жұмыс істемейді

ҰПМ координациялық кеңесінің мүшесі Лаура Ақатаеваның айтуынша, 2019 жылғы мониторинг кезінде жабық типтегі балалар мекемелерінің 50%-ы ондағы балалардың қажеттіліктеріне жарамсыз екені анықталған. Былтыр мұндай қорытынды жоғарыдағыдай мекемелердің 30%-ына қатысты шығарылып отыр.

Түйінді мәселелер әсіресе адамның ар-намысына тиіспеу, қарастырылған заңды құқықтардың жүзеге асуы, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетуге қатысты туындаған. Мысалы, балаларды психологиялық-әлеуметтік және педагогикалық қызметтермен толық қамтымау, балалардың таза ауызсуға еркін қол жеткізе алмауы, балаларды тасымалдауға арналған арбалар мен сырғытқылардың жоқтығын айтуға болады. 

Медициналық қызмет көрсетуге келсек, мониторинг тобы медициналық карталарды дұрыс толтырмау, анафилактикалық шок кезінде шұғыл көмек көрсетуге арналған құрал-жабдықтың толық болмауы, дәрілік препараттардың сақтау мерзімі өтіп кетуі, керекті дәрі-дәрмектің болмауы сияқты фактілерді анықтаған.

Кадрлық ресурсқа қатысты да проблемалар жоқ емес. Мысалы, Талғардағы “Аяла” арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықта паллиативті және дағдарыс тобындағы балаларға (84 баланың 41-і, яғни жартысы-дерлігі) психолог, дефектолог, ЕДТ (емдік дене тәрбиесі) және логопед қызметтері көрсетілмеген.

ҰПМ қатысушыларының алаңдаушылығын туғызған тағы бір жайт балаларға психотропты препараттардың шектен тыс мөлшерде тағайындалуы болды. Мәселен, жоғарыда аталған мекемеде бір айдың ішінде бір бала дозасы 25 мг болатын аминазиннің 186 таблеткасын, ал енді бір бала аминазиннің 118 таблеткасын, оған қоса карбамазепам, депакин секілді препараттар қабылдаған.

Былтырғы мониторинг қорытындысы бойынша, Лаура Ақатаева жағдайдың 2019 жылдағыға ұқсас екенін айтты. Оған қоса, спикердің сөзінше, аталмыш мекемелерде санитарлық жағдайға бақылаудың аздығы, жатын бөлмеде кереуеттердің тығыз орналасуы, жұмсақ жиһаздың ескіруі сияқты фактілер жиілей түскен.

-->