Әлеумет

«Дені сау ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік бермек

Осы орайда ол министрліктің КВИ-ға қарсы вакциналарды сатып алу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы мен халықты профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакцинамен басқарылатын аурулардан жоспарлы иммундау туралы айтып берді.

Сондай-ақ ол аталған жобаның Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының құқықтық мирасқоры болып табылатынын және 2025 жылға дейін нақты, қол жеткізуге болатын міндеттерді қамтитынын да алға тартты. Сонымен қатар министрлік қазір саланың ұзақ мерзімді перспективалары мен операциялық қызмет көрсететін денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр екен.

Жалпы айтқанда, ұлттық жоба медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды, эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруды, отандық фармацевтика саласын дамытуды, саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайтуды және бұқаралық спортты дамытуды қамтитын 4 бағыттан тұрады. Осы әр бағыт бойынша міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері белгіленген.

Жобаны іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, жүкті әйелдердің саулығын сақтауға және балалардың денсаулығын нығайтуға, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға, кадр әлеуетін арттыруға ықпал етпек. Сондай-ақ эпидқызметті жетілдіру, отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталғанын айта кеткен жөн.

-->

«Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған санитарлық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және отандық дәрі-дәрмек өндірісін дамыту жөніндегі тапсырмалар «Дені сау ұлт»:әрбір азамат үшін сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында көрініс тапқанын атап өту қажет. Ұлттық жобаның негізі – жалпыұлттық басымдықтар, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары, Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» бағдарламасы»,- деді Алексей Цой.