Нұр-Сұлтанда көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңдай шетелдік жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар заңсыз жүретін орындарды, атап айтқанда, қонақүй, жатақхана, құрылыс нысандары, базар, вокзал, өнеркәсіп аймақтарын тексеріп шықты. Жедел-профилактикалық шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 2,5 мың факті анықталды. Соның ішінде 1 788 шетелдік, 750 ҚР азаматы және 70 жұмыс беруші жауапқа артылды. Мамандандырылған соттың шешімімен 70 шетел азаматы елден шығарылған.
Аталмыш кезең аралығында іздеу жарияланған 9 қылмыскер ұсталды. Шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі анықталып, заңсыз көші-қон ұйымдастырған 1 адам ұсталды.
-->Полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар заңсыз жүретін орындарды, атап айтқанда, қонақүй, жатақхана, құрылыс нысандары, базар, вокзал, өнеркәсіп аймақтарын тексеріп шықты. Жедел-профилактикалық шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 2,5 мың факті анықталды. Соның ішінде 1 788 шетелдік, 750 ҚР азаматы және 70 жұмыс беруші жауапқа артылды. Мамандандырылған соттың шешімімен 70 шетел азаматы елден шығарылған.
Аталмыш кезең аралығында іздеу жарияланған 9 қылмыскер ұсталды. Шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі анықталып, заңсыз көші-қон ұйымдастырған 1 адам ұсталды.