Елімізде нан қымбаттап жатыр
Биылғы қаңтар-тамыз аралығында жаңа піскен нанның өндірісі былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,9%-ға азайған. Бұл дегеніміз – 352,9 мың тонна. Әрине, өткен жылы да нан өндірісі 9 пайызға азайды.
Жалпы, нан өндірісі соңғы төрт жыл қатарынан төмендеп келеді. Мысалы, 2020 жылы 539 тонна нан өндірілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға аз. Соған қарамастан нан бағасының өсуі тоқтамады. Өйткені биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында нан бағасы тағы 6,1 пайызға өсті. Атап айтқанда, қара бидай нанының бағасы – 9,9%-ға, ал жоғары сорттың наны – 7,8%, бірінші сорттың наны – 5,1%-ға қымбаттады.
Бір атап өтерлігі, нан бағасы еліміздің барлық өңірінде өсті. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында нанның бағасы 12 пайызға қымбаттаса, Солтүстік Қазақстанда 9,6, ал Ақмола облысында 9,5 пайызға көтерілген.
Атап айтар болсақ, ыстық нанды ең көп шығаратын елді мекен – Түркістан облысы. Оның төрттен бір бөлігі, яғни 89 мың тоннасы оңтүстікке тиесілі. Нан өндіруден одан кейінгі орында – Алматы (41,1 мың тонна) мен Ақтөбе облысы (34 мың тонна) жайғасқан.
-->Биылғы қаңтар-тамыз аралығында жаңа піскен нанның өндірісі былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,9%-ға азайған. Бұл дегеніміз – 352,9 мың тонна. Әрине, өткен жылы да нан өндірісі 9 пайызға азайды.