Әлеумет

Алматыда мас жүргізуші полицейді қағып кетті

Бұл оқиға түн ортасында орын алды.

Құқық бұзушы – 1962 жылы туған У. есімді азамат.

Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

-->

Бұл оқиға түн ортасында орын алды.

“Буран-227” патрульдік экипажы Қабанбай батыр көшесінде құқық қорғау қызметін атқару кезінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін байқайды. Полиция қызметкерлерінің талаптарына көлік жүргізушісі мән бермеді. Керісінше олардан қаша бастады. Бірден радиостанция арқылы патрульдік жасақтарға көрсетілген көлікке бағдар берілді және оның қозғалысының координаттары дереу таратылды. Талғар қаласының бағытындағы экологиялық постта қызмет етіп тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаев құқық бұзушыны тоқтатуға тырысты, ол тоқтамастан инспекторды қағып кетті. Екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің жарылуы, бас сүйегінің жабық жарақатымен полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды. Hyundai жүргізушісі ұсталды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Құқық бұзушы – 1962 жылы туған У. есімді азамат.

Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.