«Жомарт жүрек» сыйлығына онлайн дауыс беру өткізіледі
«Жомарт жүрек» - бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.
Марапаттар бес номинация бойынша беріледі:
- Жыл тұлғасы – қоғам мен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін жеке ресурстарды бөлуге негізделген белсенді қайырымдылық қызметі үшін.
Лауреаттар - тек жеке тұлғалар.
- Жыл меценаты – ғылымды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға қайырымдылық көмек көрсетуге негізделген белсенді меценаттық қызметі үшін.
Лауреаттар - тек жеке тұлғалар.
- Туған өлке – кіші отанды қолдау бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырғаны үшін.
Лауреаттар - жеке және заңды тұлғалар.
- Жылдың үздік ұйымы – қайырымдылық бағдарламасын тиімді іске асырғаны үшін.
Лауреаттар - коммерциялық емес ұйымдар.
- Жылдың үздік қамқоршысы– әлеуметтік маңызды өзгерістер мен қайта құруларға әкеп соққан кешенді қайырымдылық қызметі үшін, қайырымдылық көмегі үшін. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері ғана лауреат бола алады.Лауреаттар - кәсіпкерлік қызмет субъектілері.
Атап айтқанда, сыйлықтың жеңімпаздарын анықтау мақсатында 25-29 қазан аралығында ruh.kz сайтында онлайн дауыс беру өткізіледі.
-->«Жомарт жүрек» - бұл қайырымдылық саласындағы маңызды қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды анықтау, тану және көтермелеу үшін өткізілетін жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығы.