Елімізде 18 мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған
Түсіпов атағандай, 17,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды.
-->“Жыл басынан бері жүргізушілердің көлікті мас күйінде басқаруының 18 мыңға жуық дерегі,қарсы жолаққа шығуының 5 мыңнан астам жағдайы, жаяу жүргіншілер тарапынан 200 мың бұзушылық жасалған. 20,5 мың адам жүргізуші куәлігінен айырылды”, - деді ол.
Түсіпов атағандай, 17,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды.
“Бүгінгі таңда жол қозғалысын қадағалайтын полиция қызметкерлері 100% мобильді планшетпен жабдықталған. Олардың көмегімен 1,9 млн электрондық хаттама немесе қызметкерлер анықтаған ЖҚЕ бұзушылықтардың жалпы санының 94%-ы жасалды. Қалған 6%-ы сот материалдарына тиесілі”, - деді С.Түсіпов.