АҚШ балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайын
Оның айтуынша, ата-аналар вакцинаны тағатсыздана күтеді.
Америка басшысы билік барлық балаларға жететіндей мөлшерде вакцинаның дозасын сатып алғанын атап өтті.
Қыркүйек айында финдік Тампере университеті 6 айлық сәбилерге коронавирус вакцинасын сынақтан өткізгені туралы хабарлады. Зерттеушілер Biontech және Pfizer компаниялары жасаған Comirnaty вакцинасын сынақтан өткізген. Екі жастан асқан балалар тобы жасақталған. Қазір ғалымдар 6 айдан бір жасқа дейінгі сәбилерді іздестіріп жатыр. Барлығы 1250 сәбиге сыналады деп күтілуде.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer вакцинасы жыл соңында жеткізілетінін мәлімдеген еді.
-->Оның айтуынша, ата-аналар вакцинаны тағатсыздана күтеді.
"Азық — түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқарма, сондай-ақ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (ОКЗ) сарапшылары алдағы аптада осы жас санаты үшін вакциналарды мақұлдау туралы шешім қабылдайды", - деді ол.
Америка басшысы билік барлық балаларға жететіндей мөлшерде вакцинаның дозасын сатып алғанын атап өтті.
Қыркүйек айында финдік Тампере университеті 6 айлық сәбилерге коронавирус вакцинасын сынақтан өткізгені туралы хабарлады. Зерттеушілер Biontech және Pfizer компаниялары жасаған Comirnaty вакцинасын сынақтан өткізген. Екі жастан асқан балалар тобы жасақталған. Қазір ғалымдар 6 айдан бір жасқа дейінгі сәбилерді іздестіріп жатыр. Барлығы 1250 сәбиге сыналады деп күтілуде.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Pfizer вакцинасы жыл соңында жеткізілетінін мәлімдеген еді.
“Қазіргі уақытта 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау мәселесі министрліктің консультативтік органы – ҚР халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясында (ИКК) талқыланып жатыр. ИКК ұсынымын алғаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады”, – деді вице-министр.