Әлеумет

Елімізде азаматтардың 37 пайызы санақтан онлайн режимде өткен

Маңызды шарада тұңғыш рет цифрлық технологиялар қолданылуда. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында азаматтарға санақтан онлайн режимде өту мүмкіндігі ұсынылды.

Халық санағы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін Владимир Соколин Нұр-Сұлтан қалалық Статистика департаментіне ат басын тіреді. Бұдан соң ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Байқоңыр аудандық әкімдігі ғимаратында орналасқан инструкторлық учаскеге барды. Мұнда жауапты уәкілдер мен инструктор-бақылаушылар жұмыс барысы мен туындаған мәселелерді қалай шешіп жатқандығы туралы толыққанды айтып берді.

Владимир Соколин сондай-ақ «Keruen city» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан «санақ бұрышымен» де танысты.

Айта кетейік, мұндай орындар ел аумағында халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» филиалдары мен ірі сауда орталықтарында ашылған болатын.

Қазір Қазақстан бойынша 3 мыңнан аса санақ бұрышы жұмыс істеп тұр. Онда азаматтар кеңесшілердің көмегімен санақтан онлайн өте алады.

-->

«Азаматтардың 37 пайызы санақтан онлайн режимде өтті. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралап, планшеттің көмегімен сауал сала бастады. Алғашқы 10 күннің қорытындысы бойынша интервьюер сауалдарына 1,5 миллиондай тұрғын жауап қатты. Біз санақты толығымен электронды форматта өткізуді қолға алдық», - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.

«Қолға алынған шаралар сапалы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Бұл бірінші кезекте мемлекет үшін аса маңызды. Цифрлық жолмен мәлімет жинау тәжірибесі сіздерде алғаш рет қолданылып отыр. Осы тәжірибе басқа да ТМД елдері үшін қызық боларына сенімдімін», - деді Владимир Соколин.